Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы тағайындалды

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына Самат Ерниязов тағайындалды.


Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов корпорацияның жаңа басшысын ұжымға таныстырды.
Самат Нұрахметұлы Ерниязов 1975 жылы Қызылорда қаласында туған. Білімі жоғары, Қызылорда ауыл шаруашылығы өндірісі институтын «Агроөнеркәсіп саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қызылорда филиалын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда қаласы әкімдігінің экономика бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады. Қызылорда қаласы әкімдігі бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, «Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымдарын атқарған. 2002-2004жж. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы қызметтерінде жұмыс істеген. 2005 жылдан бастап Қызылорда қаласында түрлі қаржы ұйымдарында еңбек етті.
2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ» ЖШС директоры қызметін атқарып келген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: