Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордаға 40 мың дана бетперде жеткізіледі

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен күрес бағытында тиісті іс-шаралар қолға алынып келеді. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыру мақсатында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы тарапынан бүгінгі күнге 40 мың дана бетперде, 250 литр антисептик алынып, 100 кг деохлордың келуі күтілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан бөлінген
104 млн. теңге қаржының 13,8 млн. теңгесіне 1 500 литр антисептик және 350 дана төсек жабдығы сатып алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: