Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ 


Достық үйінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың, республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұловтың, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғановтың, тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің, саяси партия және қоғам белсенділерінің қатысуымен Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын Қызылорда облысында жүзеге асыру бойынша кеңес болып өтті.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы тапсырмасының аймақта іске асу барысы туралы баяндама жасады. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен микрокредиттер санының ұлғаюы арқылы ағымдағы жылдың 6 айының ішінде өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз 97538 адамның 27 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылды.
«2018 жылдың басында облыста өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз 97538 адам анықталды. 2018 жылдың 6 айында 7000-нан астам адамды жаңа жұмыс орындарына орналастырып, 20400-ден аса жұмыссызды өнімді жұмыспен қамтып, 20 мың азаматтың қызметін заңдастырып, оның 17 мыңға жуығы жұмыс берушілермен еңбек келісімшартын жасады. 3000-ға жуығы мемлекеттік кіріс органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде кәсіптерін бастады»,- деді облыс әкімі.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақзира Қасымова өңірдегі жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту және студенттік жатақханалар жағдайын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Мәселен, Сырдарияның сол жағалауында мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде «Болашақ» университетінің қазіргі студенттік кампусының құрылысы жүргізілуде.
5 әлеуметтік бастаманы іске асыру туралы орталық атқарушы органдардың басшылары жоспарланған іс-шаралар шеңберіндегі жаңа мүмкіндіктер туралы баяндады.
Кездесуді қорытындылай келе, әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөніндегі кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұлов өңірде атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады.
Түстен кейін делегация мүшелері 10 ферманы біріктірген«Шиелі-төрт түлігі» ауыл шаруашылық кооперативі мен тәулігіне 400 литр шұбатқа дейін өңдейтін «Ару Ана» цехын да аралап көрді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: