Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Халықаралық донор ұйымдары Арал теңізін құтқаруға 3 млрд доллар бөледі

Халықаралық донор ұйымдары Арал теңізін құтқаруға 3 млрд доллар бөледіҮргеніште «Арал теңізі бассейнінің аймағында экологиялық апаттың салдарын жеңілдету бойынша ынтымақтастықты дамыту» халықаралық конференциясының нәтижесі бойынша жалпы сомасы 3 млрд доллар көлемінде келісімге қол қойылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Қаржылық институттар, донор елдердің үкіметтері қолдау білдіріп, Арал маңы аймағында 24 ұлттық және 7 аймақтық жобаны жүзеге асыруы туралы келісімге қол қойды. Ол 1,9 млрд доллар сомасында жеңілдетілген ұзақ мерзімді несиесін тартуды және 200 млн доллар грант пен техникалық қолғабыс ету құралдарын қарастырады. «МФСА-ға мүше мемлекеттер, БҰҰ-ның құрылымдары, сонымен бірге донор мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық қаржылық ұйымдар арасындағы Арал апатының кері әсерін жеңілдету аясындағы мақсатты, көпжоспарлы және жүйелік әрекеттестік Арал маңы аймағында күрделі мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды жасап шығаруға мүмкіндік береді», - делінген конференция қорытындысы бойынша қол қойылған құжатта.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: