Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Түркістанда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төртінші құрылтайы өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістанда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төртінші құрылтайы өтті. Бұл құрылтайда мемлекеттік тілге қатысты келелі мәселелер айтылып, «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын қайта жандандыру керектігіне баса назар аударылды. 


Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат мәлімдеді. 
 «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI құрылтайы Түркістандағы «Фараб» кітапханасында өтті. Негізі құрылтай әр 5 жыл сайын өтіп тұруы тиіс. Алайда соңғысы осыдан 10 жыл бұрын ұйымдастырылған еді. Қазақ тілінің болашағына алаңдаған тіл жанашырлары бұл күнді көп күткені анық. Себебі, барлығының ойы – мемлекеттік тілдің мәртебін көтеріп, тұғырына қондыру. Сондай-ақ, жиында қоғамның жаңа бағдарламасы мен жарғысы қабылданды. Құрылтайдағы делегаттардың ашық дауыс беруі арқылы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы сайланды. Жаңа төраға мемлекеттік тілді тұғырына толық қондыру бағытында атқарылар жұмыстың күшейетінін жеткізді», - деді Сәдуақас Әбдіқадырұлы.
«Түркістан қаласында өткен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төртінші құрылтайы мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған. Мемлекеттік тілдің мәселесі қозғалған маңызды жиынға өңірлерден 57 делегат шақырылды. Алдағы уақытта бұл құрылтайдың жұмысы өз нәтижесін көрсетеді деген сенімдеміз», - деді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық филиалының мүшесі Алтынсары Шүренов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: