Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СОЗАҚТАҒЫ МӘДЕНИ ШАРАҒА ЖАҢАҚОРҒАН ӨНЕРПАЗДАРЫ ҚАТЫСТЫ

СОЗАҚТАҒЫ МӘДЕНИ ШАРАҒА ЖАҢАҚОРҒАН ӨНЕРПАЗДАРЫ ҚАТЫСТЫ

 

Теріскейде, Созақ ауылында Қарабура әулие мен Құрбан атаға ас берілді. Ежелден тел өскен Күнгей мен Теріскейді жайлаған бауырмал халық осында жиылды. 
Шарада Әлшекей өнер мектебі жанындағы "Қаратау қазынасы" және Айсыновтардың отбасылық халықтық оркестрі өнер көрсетті. Сазгер, күйші Бәден Айсынов шертпе күй орындады, ұлттық нақыштағы әндер айтты. Ашылу салтанатында Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов қарт Қаратаудың қос қанаты болатын қос елдің татулығын, табысын, өнер мен имандылық жолындағы игіліктерін жеткізіп, бабалар рухын биіктетуге атсалысқан азаматтарға сый-сияпат жасады. Жаңақорған ауданы делегациясы қатарында "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, "Жаңақорған тынысы" газетінің бас редакторы Қаныбек Әбдуов болды. Ел мұратын асқақтату мақсатында республика тәуелсіздігінің 25 жылдығына тұспа-тұс келген шара Шәуілдір ауданында жалғасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: