Ардагерін ардақтаған ел азбайды. 2015 жыл - ТМД елдерінде Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және Ардагерлер жылы болып жарияланғаны белгілі.
Осыған орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қолдау көрсету бойынша жалпыұлттық шара жалғасуда. Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жаханов пен бір топ белсенді жастар шалғай елді-мекендердегі (Кәукей, Бекарыстан би, Түктібаев, Басықара ауылдарындағы) ҰОС ардагерлерінің шаңырағында болды. Ардагерлерді ұлы мерекемен құттықтап, арнайы сый-сияпаттарын табыстады.
Аудан басшысы ардагерлермен хал-жағдайлары мен көңіл-күйлері жайында әңгімелесті. Ардагерлері өз ризашылықтарын білдіріп, құрметтері үшін алғыстарын айтты. Жүріп-тұрулары қиын болса да санасы сергек ардагерлердің ендігі тілегі - елдің амандығы.