Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордадан мәскеуге тұрақты әуе рейсі ашылды

Қызылордадан мәскеуге тұрақты әуе рейсі ашылдыБүгін Қызылорда мен Мәскеу қалалары арасында тұрақты тікелей әуе рейсі ашылды. Осы орайда өткен шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысушыларды құттықтады. Бұл жөнінде Kyzylorda-news.kz хабарлады.
UN291/292 рейсі халықаралық әуежайдан аптасына үш рет қатынайды. Аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері «Трансаэро» авиакомпаниясы арқылы қатынайтын жолаушылар ұшағы бүгін сағат 08.55-те алғашқы рейсін жасады. Әуе кемесі 120 орындық. Қызылордадан таңғы 08.55-те шықса, төрт сағатта Ресей астанасының әуежайына табан тірейді. Жол құны да қымбат емес. Екі бағытқа ұшып-бару 46 мың теңге шамасында. Бүгінгі алғашқы рейске 20 жолаушы билет алды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында ҚР Үкіметімен Қызылорда облысы әуежайына халықаралық дәреже беріліп, халықаралық бағыттағы әуе кемелеріне қызмет ету рұқсатын алған болатын. Ал қараша айынан бастап Қызылорда әуежайынан Құрған-Төбе – Мәскеу бағытындағы тәжік авиажолының халықаралық рейсі жргізіле бастады. Владимир Кушниренко, «Трансаэро» әуе компаниясының Қазақстандағы бас өкілі: - «Мәскеу-Қызылорда», «Қызылорда-Мәскеу» рейсін жасап отырған алғашқы шетелдік компаниямыз. Енді ғана осы бағыттағы жұмыстарды бастап жатырмыз. Осы өңірге ұшып келген және ұшып кететін жолаушылардың бар талап-тілектерін жоғарғы деңгейде орындаймыз. Оған қоса облыс тұрғындарының Мәскеу арқылы әлемнің 300 еліне ұшуына жол ашылып отыр. Қазір Қызылордадан аптасына Астана, Алматы, Қарағанды қалаларына сағатына 150 жолаушы тасымалдайтын 24 рейс тұрақты қатынауда. Сондай-ақ, тәжікстандық әуе рейсі техникалық қажеттілікке байланысты осы өңір арқылы ұшып жүр. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: