ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Бүгін, 30 қараша күні, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті.
Қызылорда облысының әкімі қызылордалықтарды мерекемен құттықтады.
- Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдары Елбасы үшін де, ел үшін де оңай болды деп ешкім де айта алмайды.Қазақстанды шикізат өндіруші ретінде пайдаланып келген орталық билік күйреді. Айлар бойы жалақы, жылдар бойы зейнетақылар берілген жоқ. 1992-1993 жылдары рубль сабан ақшаға айналды. Барлық проблемаларымен жеке-дара қалған Қазақстанды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл қиындықтан алып шықты. Ішкі экономикалық жағдайды қалыпқа келтірудің бірден-бір жолы инвестиция тарту екендігін түсініп, алыс-жақын шетелдермен тығыз қарым-қатынас орната білді. Бұл тұрғыда Елбасының еңбегі ұшан-теңіз,- деді аймақ басшысы.
Салтанатты шарада «Елбасы және Сыр елі» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, соңы ҚР Еңбек сіңірген әртісі Талғат Мұсабаев және жергілікті өнер иелерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.