Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА БЕТБҰРЫС БАР

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА БЕТБҰРЫС БАРБүгін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімі Б.Әбдіраманов 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті кездесуі өтті.
Есепті кездесу барысында ауыл әкімі округ бойынша 7 жеке кәсіпкер, 9 шаруа қожалық, «2016 - Жаңақұрылыс» селолық тұтыну кооперативі жұмыс жасап жатқанын баяндады.
Сонымен қатар, 2016 жылы салық түсімдері толықтай орындалып, түсімнің басым бөлігі яғни, 1,2 млн теңгеден астам қаржысы «Әулиетөбе» шаруа қожалығының еншісінде екені баса айтылды.
Өткен жылы округтың 600 метр көшесіне «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2 млн қаржы бөлініп, жарықтандыру жүргізілген. Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен 3 азамат кәсіптік даярлаудан өткен. Осылайша, кәсіп ашу мақсатында А.Маханов 6 млн теңге, Ж.Үмбетқұлова 2 млн теңге, Ж.Абдиганиева 3 млн теңге несие алып, өз кәсіптерін дөңгелетуде.
Есепті кездесу барысында ауыл тұрғындары аудан басшысына өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша оң бағасын беріп, алдағы атқарылар міндеттерге зор сенім артты. Түйіткілді деген сұрақтарын жолдап, тиісті жауаптар алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: