7 қазанда кәсіподақтар Бүкіләлемдік лайықты еңбек күнін атап өтуде. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы хабарлады.
Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының бұл күнді атап өту жөніндегі ұсынысы әлемдік деңгейде жақсы қабылданды.
Жыл сайын Кәсіподақтар Федерациясы және оның мүшелік мекемелері Бүкіләлемдік лайықты еңбек күніне арналған акциялар өткізеді.
Кәсіподақтардың жалпы конфедерациясы жариялауы бойынша биылғы жылы акциялар «Лайықты еңбек – лайықты өмір» ұранында өткізіліп жатыр.
Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы осы акция аясында салалық кәсіподақтармен біріге отырып, 7 қазан күні Қызылорда қаласы Кәсіподақтар үйі ғимаратында еңбек қатынастары жайында заңгерлер кеңестерін, жалпы медициналық кеңестер, облыстық зейнетақы төлеу орталығы мамандарының кеңестерін, балалар психологтары кеңестерін тегін ұсыну жүргізді. Сонымен қатар еңбеккерлердің салауатты өмір салтын ұстануы үшін, жас өспірім балалардың спортқа бейімделуі үшін спорттық секцияларға жазу, байланыс саласы ұсынатын қызметтердің тиімді жаңалықтарымен бөлісу жұмыстары жүргізілді.
Акцияға шақыру бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланды. Қаланың орталық көшелерінде Қызылорда кәсіподақтарының «Келешек» жастар қанаты белсенділері халыққа «Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері», «Еңбек шартын бұзу және өтемақы төлеу» «Еңбек дауларын шешу», «Ұжымдық шарттар жасау» атты брашюраларын ұсынып, акцияға қатысуға шақырулар таратты.
Кәсіподақтар осы акция арқылы еңбектегі адамдардың мүддесін қорғау, еңбекақыны дұрыс төлеуді заңмен белгілеу, жұмысшылар мен олардың кәсіподақтарының негізгі құқықтарын қорғау мәселелеріне үлкен мән беретінділігін, еңбек адамының жұмыс орынының ұйымдастырылуы мен демалысы жайлары ойластырылатындығын, еңбек адамының денсаулығы мен заңдық құқықтары сақталуы үшін күресетіндіктерін нақтылады.