Халықтың аз қамтамасыз етілген «әлжуаз» топтарын әлеуметтік қолдау мақсатында 2018 жылдың 1 қарашасына мемлекеттік атаулы көмекке 2018 жылға республикалық бюджеттен 520,4 млн. теңге, қалалық бюджеттен 198,8 млн. теңге қаралып, 2799 отбасына (12957 адамға) 628,9 млн. теңге төленді. Оның ішінде:
-шартты әлеуметтік көмекке 1524 отбасына (8252) адамға 320,7 млн. теңге;
-шартсыз әлеуметтік көмекке 1189 отбасына (4786) адамға 294,6 млн. теңге;
-«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 228 отбасына (1133) адамға 13,5 млн. теңге.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында тұрғын үй көмегіне 218,7 млн. теңге қаралып, 2018 жылдың
1 қарашасына 4109 отбасына (13894 адамға) 182,6 млн. теңге төленді.
«Құрмет» атағы бар 9 адамға 1,5 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге
9 азаматқа 0,4 млн. теңгесі төленді.
Үйі өртенген азаматтарға материалдық көмекке 20 отбасына 7,2 млн. теңге бөлініп, 6 отбасына 2,1 млн. теңгесі төленді.
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, концлагерьдің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына Ұлы Отан соғысында қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО медалымен, ордендерімен наградталған тыл ардагерлеріне Ұлы Отан Соғысы жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген тыл ардагерлеріне Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 73 жылдығына облыстық және қалалық бюджеттен 2033 адамға 146,7 млн. теңге қаралып, 1758 адамға 126,4 млн. теңгесі игерілді.
Ауған соғысының, Чернобыль, Семей апатынан зардап шеккен азаматтарына бір жолғы әлеуметтік көмекке 811 адамға 58,5 млн. теңге бөлініп, 785 адамға 56,6 млн. теңгесі төленді.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға бір жолғы материалдық көмекке 73 адамға 0,5 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді.
Мамандандырылған туберкулезға қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақтануға берілген әлеуметтік көмекке 373 адамға облыстық бюджеттен 107,6 млн. теңге бөлініп, 576 адамға 67,4 млн. теңгесі төленді.
Лейкоз ауруымен ауыратын балаларға әлеуметтік көмек ретінде 23 балаға облыстық бюджеттен 5,0 млн. теңге қаралып, 24 балаға 3,6 млн. теңгесі төленді.
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға 671 адамға қалалық бюджеттен 6,5 млн. теңге қаралды.
Мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша қаланың 7 шағын аудандарында аула клубтарын құру және олардың қызметтерін қамтамасыз етуге 8,3 млн. теңге бөлініп, 6,7 млн. теңгесі игерілді.
Қаладағы «Ұшқын» мүгедектердің құқығын қорғау және жәрдем беру қоғамдық бірлестігі арқылы қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың балаларына сервистік қызмет көрсету және олардың ақпараттық-технологиялық сауаттылығын ашу мақсатында шағын компьютерлік орталықтың жұмыс жасауына 3,7 млн. теңге бөлініп, 2,6 млн. теңгесі игерілді.
Әлеуметтік тапсырыс шең берінде үкіметтік емес ұйымдардың қоғаммен байланыс орнату мақсатында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері мен мүгедектері арасында әлеуметтік маңызды іс-шараларды жүзеге асыруға
3,0 млн. теңге бөлініп, 2,0 млн. теңгесі игерілді.
Сонымен қатар халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық, жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне» 100 орындық күндізгі болу жартылай стационарлық бөлімшеге –
364 адамға, зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығына 402 адамға және Талсуат елді мекеніндегі мүгедектерді оңалту орталығына 367 азаматтардың өтініші қабылданды.
№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 25 адам тұрақты мемлекеттік қамтамасыз етілуге жолданып, №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына күндізгі бөлімшесіне 4 адам, тұрақты бөлімшесіне 12 адам жолданды.
2018-2019 оқу жылына оқу ақысы мен тамақтану және тұру шығындарына 186 студентке 96,6 млн. теңге
Қызылорда қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығына уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін жыл басынан бері 74 адамға жолдама берілді.