Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мәдениет орнына қалай киініп барамыз?

Кеше Мақпал апай мен Қайраттың концертіне бардық. "Жеті жасқа дейінгі балалар кіргізілмесін" деген талап біздің қазаққа әсер етпейді, негізі. Бірақ бала-шағаның азайғанына шүкір дейсің... Сарайдың кіреберісінде қызметкерлер шырылдап сөмке тексеріп жатты. Сусын алып кіруге болмайтыны да билетте көрсетілген, бірақ оны да қыстырмайтын қазақтар баршылық. 


 

Ал концерттік кештерге, яғни мәдениет орындары - сарайға, театрға шалбармен келетін қыз-қырқын, қатын-қалаш, кемпір-сампырларды түсінгім де, сыйлағым да келмейді. "Осының да оқуын бітіру керек пе екен..." деп ойла-а-ап отырдым... Спорттық үлгідегі киімдермен, джинсы киіп келген еркектерді де көрдім... Олар - не өнер адамын, не өзін сыйламайтын қазақтар... Қош делік, қылқынғандар мен тұмшаланғандарды жаратпайтынымды мұндағы ағайын біледі. Бірақ бұдан мен оларды сыйламайды немесе жек көреді деген түсінік тумаса керек. Олардың кей пікірімен келісем, сол үшін де сыйлаймын. Мәселен, шашы селдіреп, құйқасы көрінген 50-ден асқан әйелдер неге орамал салмасқа? Ал сарайда сондай "мәдениетті әжелер" толып жүрді. "Современный" кемпірлер, мені кешірсін, сондайлар қыстың күні норка малақайын өлдім шешпейді ғой... Телеарна түсіріп жатыр ма, күні ертең өздері ғана Антарктиданың қысында концерт көріп отырғандай залдың сәнін бұзып, эфирден көзге қораш көрінетінінде шаруасы жоқ, ұқпайды олар мұны... Апамның алдынан бұтына шалбар киіп алған өзі екіқабат бір келіншектің қампайған қарнымен олай-бұлай ойқастағанын көргенде бар ғой, құдай кешірсін, бір ұрып жалпасынан түсіргім келді. Шыным! Қазақ әйелі мұндайда жұрттың назарын аудармас үшін ішін жасырып ұзын көйлек киюші еді. Соны құлағына құятын шеше болмаған ба, "мұның не" дейтін ене жоқ па... Мейлі ғой, өресінің жеткен жері сол болар... Одан қалды кешігіп келіп ән тыңдап отырсың ба, концерт тамашалап отырсың ба, шаруасы жоқ, қайқаңдап орнын іздеп жүргендердің көлбеңдегеніне сарай қызметкерлерінің де әлі келмей жатады...
Орыс та, ұйғыр да, түрік те қазақты құртып, қазаққа жаман бол деп жатқан жоқ. Өзінің сарайын, өзінің қаласын, қала берді бірін-бірі сыйламай қырық ағымға бөлініп қырылып жатқан өзіміз, яғни қазақтың өзі! 
Айтып айтпай не керек, істеген ісіне апам да сырттай сүйсініп отырған бір Saule Zhanpeisova біздің сарайға да керек болып тұрғаны...

Айгүл Болатханқызы
Фейсбуктегі парақшасынан
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: