Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал көшелері жөнделіп жатыр

Арал көшелері жөнделіп жатырАрал қаласында Әбілқайыр хан және Бақтыбай батыр көшелеріне кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Бұрын ені 7 метрді құрайтын орталық көшелердің ені бүгінде 12 метрге ұлғайтылды. Көшелердің жоспарланған бөлігіне қиыршық тасты асфальт жамылғысы төселіп, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар да жаңаруда. Қазан айының 20-на аяқтауды жоспарлаған кеңейту шарасының бүгінде 90%-ы толық орындалды. Осыншама ауқымды жұмыстарға жауапты мердігерлер «Арал құрылысы» ЖШС мен «Набат 2000» ЖШС жұмыс барысында жол белгілерін орнатуды да межелеп отыр.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: