Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіне жақын орналасқан «Арзан City» кешені де 2017 жылы ашылған.
Мұнда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойымен жүретін жолаушылар мен автокөлік жүргізушілеріне қажеттілердің барлығы да бар. Кешенде 120 адамға арналған кафе, 20 орындық қонақ үй, монша, автакөлік жуу орталығы, шағын маркет, автокөлікке техникалық қызмет көрсету орталығы 24 сағат жұмыс істейді.