Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР АЛЕКСАНДР ЗАЙЧИКОВКЕ АҚ БОЗ АТ МІНГІЗДІ

 

Ел мақтанышына айналған спортшы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков Қазалы жұртшылығымен кездесті.
Аудан әкімінің орынбасары А.Қаржаубаев Сыр бойылық толағайға жерлестерінің үкілеген үміттерін ақтағаны үшін алғысын білдіріп, онымен қазалылықтардың мақтанатынын жеткізді. Сондай-ақ, чемионға ақ боз ат мінгізді. 
Александр өз сөзінде бұл жеңістің талмай еткен еңбектің жемісі мен жанкүйерлердің қолдауының нәтижесі екенін айтып, егемен елдің абыройын биікке көтеремін деген уәдесін берді. Айта кетейік, ауыр атлет Александр Зайчиков Риодағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында 105 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, қос сайыс қорытындысы бойынша 416 келіні еңсеріп, Қазақстан қоржынына қола жүлде салған болатын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: