Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ


Қазіргі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалып жатқан реформалардың негізгісі – «Ұлт Жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының алғашқы 15-і мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруден басталады.
Мұның өзі мемлекеттік қызметке ерекше көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді. Осы іс-шаралар аясында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңартылып жатқандығы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке бағытталған мемлекеттік менеджменттің сапалы моделіне бірден-бір бастар дара жол.
Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс. Айталық, азаматтарда осы мәселеге қарсы мәдениет қалыптаспайынша оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Бұл мақсаттарды бағындыру үшін мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде еліміздегі барлық мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жаңа институт – әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді. Олардың арнайы ережесі бекітілді. Ережеде әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары мен уәкілдің қызметін ұйымдастыру жайы қамтылған.
Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жеке қызметтік әдеп нормаларын бұзуының алдын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі күні Қызылорда әкімдігін өзінде 215 мемлекеттік қызметші мемлекеттік міндеттерді атқаруда. Олардың мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақтауына ықпал ету шаралары әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне кіреді.
Былтырдан бері мен қала бойынша әдеп жөніндегі уәкілі болып табыламын. Бұл бағытта көптеген іс-шаралар қолға алынып келеді. Алдымен уәкіл дегеніміз кім, ол қандай міндет атқарады? Қысқаша түсініктеме бере кетейік. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптары бұзылуының алдын алуды назарда ұстайтын, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші.
Ал, мақсатына келсек, уәкіл өз құзыретінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторинг арқылы бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзу профилактикасын қамтамасыз етіп, азаматтарға кеңес бере алады.
Бүгінде мемлекеттік қызметке келіп жатқандардың көбі – жастар. Сондықтан жас буын арасында да осы ережені кеңінен насихаттау – біздің міндетіміз. Оған қоса қазір – ақпараттық технологияның дамыған заманы. Барлық адам әлеуметтік желіні жақсы пайдаланады. Әйткенмен, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге осындай сан алуан желіні қолдану тұрғысында қатаң тәртіп қойылған. Оның өзі – қызметшінің оң имиджіне нұқсан келмес үшін қадағалануы тиіс.
Жұмыс жоспары аясында өткен жылы қалаға қарасты барлық бөлімдердің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықты алдын алуға, оны болдырмауға байланысты жиындар өтті. Жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқаратын барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар-кеңестер өткізілді. Шара барысында Әдеп кодексінен туындайтын талаптар кеңінен түсіндірілді. Ал, биылғы жылдан бастап бірнеше кездесулер ұйымдастырылды. Алдағы уақытта осы бағыт бойынша түрлі жобалар жүзеге асырылмақ. Демек, жұмыс жалғасын таба бермек.
Жалпы айтқанда, қызметкерлер мен азаматтар әдеп жөніндегі өкілетті уәкілге кеңес алу, проблемалық жағдайларды реттеу, әріптестерімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жүгіне алады.
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, әдеп жөніндегі уәкіл ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келеді. Мәселен, АҚШ-та 1978 жылдан бері мемлекеттік органдардағы қызметтік әдеп басқармасы (The Office of Government Ethics) жұмыс істейді. Біздің елде де қолға алынған аталмыш жүйе халыққа қызмет етіп отырған әр қызметшінің оң бейнесін айқындайтын жарқын бағыттың бірі болмақ.
Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәлімет:
Аты, тегі, әкесінің аты: Байманов Шахмардан Асқарұлы.
Лауазымы: Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
Жұмыс тел: 8(7242) 26-12-75
Ұялы тел: 8 771 543 81 88
Кабинет: №217 (Қызылорда қаласы әкімдігі аппаратының ғимараты)
Қабылдау кестесі: әр аптаның сәрсенбі күндері, сағ. 15.00-ден 17.00 аралығында.
Шахмардан БАЙМАНОВ,
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары,
әдеп жөніндегі уәкілі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: