Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиеліде мияны заңсыз жинаушылар азаймай тұр

Шиеліде мияны заңсыз жинаушылар азаймай тұрШиелі аудандық ішкі істер бөлімінде заңсыз қызыл мия тамырын қазу, тасымалдау, өткізудің алдын алу бағытында жергілікті құзырлы органдармен бірлесе отырып жұмыстар атқару тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шарада аудан көлемінде заңсыз қызыл мия тамырын жинауға қарсы арнайы іс-шаралар қабылданып, қызыл мия тамырын қазу, тасымалдау, өткізу деректерінің алдын алу, болдырмау мақсатында полиция қызметкерлерімен атқарылған шаралар жайы сөз болды. Атап айтқанда, жыл басынан бері заңсыз қызыл мия жинау және тасымалдаудың 6 дерегі анықталып, ұсталған азаматтардың іс-әрекеттеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық  Кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық  істер қозғалған. 
Сонымен қатар, аудандағы заңсыз мия тамырын жинаумен айналысып жүрген 9 азаматқа қатысты көлікті басқару құқығынсыз және тиісті құжатсыз басқарғаны үшін әкімшілік шара қолданылып, әрқайсысына 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.
Тіркеуге алынған деректердің жер телімдерінің мемлекеттік орман қоры жерлеріне немесе 49 жылға жалға алынған жеке жер иелерінің  меншіктеріне тиесілігі сараланып, жерді жалға алған жер иелеріне жерді келісімшартта көрсетілген мақсатта қолдану (мал жайылымдық жер, егістік жер) керектігі, жерді келісімшартта көзделген мақсатта пайдаланбаған жағдайда келісімшартты қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұзу шараларын қабылдау үшін құзырлы органдарға ұсынымхаттар енгізіліп, заң жүзінде тиісті жазалар қолданылатын болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: