Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкер О. жауапкер С-ны ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық ісін қарап, аяқтады.
Сот отырысында талапкер О. жауапкердің баласымен 2009 жылдан бері араласпайтындығын айтқан. Алимент төлемегенін, баласының тағдырына алаңдамайтындығын, 2 жылдын бері Алматыда тұратындығын да талап арызда көрсетілген. Сондай-ақ, ол жақта өз отбасын құрғанын, алментті төлегісі келмейтінін, әкелік міндетін атқарудан бас тартатындығын, баласының әкесін танымайтындығын, әкесі ретінде мойындамайтынын көрсетіп, сол себептен соттан талапты толығымен қанағатттандыруды сұрады.
Жауапкер С. сот отырысында жоғарыда айтылған дәлелдерді толығымен мойындайтындығын, қанағаттандыруды сұрайтындығын көрсетті.
Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 110, 217-219, 221 баптарын басшылыққа ала отырып, сот талапкер О. жауапкер С-ны ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызы қанағаттандырылды.