Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ ПАТРИОТТЫҚ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

ШИЕЛІДЕ ПАТРИОТТЫҚ ШАРА ӨТКІЗІЛДІШиелі ауданының әкімі Қайратбек Әубәкірұлы әскери оқу орындарында оқитын аудан жастарымен кездесті. Ұйымдастырылған патриоттық шара аясында аудан әкімі жастарға ел іргесінің нығаюы жолында аянбай еңбек ететіндіктеріне тілектестігін білдірді.
Ресми деректерге сүйенсек, бүгінгі күні ауданымызда жастарға патриоттық тәрбие беруге 33 «Айбын» әскери-патриоттық клубы, 2 аулалық клуб, оқушылар үйіндегі 1 әскери-патриоттық үйірме жұмыс жасап келеді. Аталған үйірмелерге 660 оқушы қамтылған. Сондай-ақ, былтырғы жылы 167 азамат әскер қатарына алынып, 6 азамат жоғарғы әскери оқу орындарына түскен.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: