Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда дақылдар көлемі 200 гектарға артық орналасады

Қазалыда дақылдар көлемі 200 гектарға артық орналасадыӨткен жылы Қазалы ауданында егіншілік саласына басым дақылдар үшін 278 млн. теңге, минералды тыңайтқыш үшін 56,9 млн. теңге, гербицид үшін 11,4 млн. теңге, суармалы су үшін 22,4 млн. теңге, барлығы 368,7 млн. теңге субсидия алынған. Өнімдердің жалпы көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 90,1 пайызды құраған. Өнім көлемінің төмендеуіне жаз айларындағы түнгі ауа райының салқын болуынан егіннің пісіп-жетілуінің кешігуі әсер еткен.
Үстіміздегі жылы мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайлы айтып өткен бөлім басшысы егіншілік саласын әртараптандыруға байланысты осы жылдан бастап шаруашылықтарды қаржылай ынталандыру мақсатында күріштен басқа дақылдардың әр гектарына төленетін субсидиялар нормасы айтарлықтай жоғарылайтындығын жеткізді. Осыған сәйкес, бұл жылы әртараптандыру дақылдарының көлемі өткен жылға қарағанда 200 гектарға артық орналасатын болады.
Былтырғы жылы малдың барлық түрінде өсім бар екендігі анықталған. Мал басының көбеюіне мемлекеттік «Сыбаға», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары септігін тигізуде, - деді алқа мәжілісінде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы КүнтілесНазымбеков.
Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Абай Рыстығұл өткен жылы мал ауруларының алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілгендігін баяндады. Жұқпалы ауруларға қарсы ветеринарлық-профилактикалық және диагностикалық тексерулер жүргізуге аудандық бюджеттен  89,9 млн. теңге қаржы бөлініп,  752400  бас ауыл шаруашылығы жануарларына алдын ала егу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, қаңғыбас иттер мен мысықтарды жоюға 3,8 млн. теңге қаржы қаралып, 2688 бас қараусыз ит,  828 бас мысық және 17 бас жабайы етқоректілер ауланып, жойылған.Ал биылғы жылға бұл жұмыстарды жалғастыру үшін 5,0 млн теңге бөлінген.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: