Биыл Шиелі ауданына қарасты 3 елдімекенде құны 1,3 млрд теңгені құрайтын медициналық амбулаториялардың құрылысы басталады.
Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов хабарлады.
-Ауданымызда денсаулық сақтау саласын дамытуға әрдайым басымдық беріліп отырады. Осыған орай, биыл 2024 жылға өтпелі Тәжібаев, Ортақшыл, Алмалы, Тартоғай, Бестам елдімекендерінде дәрігерлік амбулатория салу үшін тиісті құжаттар дайындалып, құрылысы басталады. Сонымен бірге Шиелі кентінен 30 төсектік-инфекциялық корпустың іргетасын қалауға жобалық-сметалық құжаттары әзірлену үстінде, - деді аудан басшысы Нұржан Сәбитұлы.