Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада Азаматтық форум басталды

«Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» атты IX облыстық Азаматтық форум Қызылорда қаласында 2020 жылғы 14-19 қараша аралығында «Азаматтық қоғам апталығы» форматында басталды.

Азаматтық форумға Қызылорда облысының ҮЕҰ, сарапшылар, бизнес құрылым өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдары мен БАҚ өкілдері шақырылады. 
Еліміздің қоғам белсенділерін біріктіретін дәстүрлі ауқымды іс-шараны биыл жаңа форматта өткізу жоспарланып отыр. Азаматтық форум бес күнге жоспарланған бағдарламамен өтеді.
Азаматтық қоғам апталығы шеңберінде Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттарын талқылау жоспарланған. Атап айтқанда, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы; қоғамдық бақылау – шынайылық пен мүмкіндіктер; ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігі: табыс факторлары, тәуекелдер, перспективалар; қоғам, мемлекет және бизнес диалогы атты бағыттар талқыланады. Сонымен қатар, форумда бұған дейінгі форумдар ұсынымдарының орындалуы талқыланып, салалық үкіметтік емес ұйымдардың жергілікті атқарушы органдармен кездесуі өтеді.
    Форум делегаттары онлайн форматта республикалық форумның сарапшылық, пікірталас және оқыту шараларына қатысып, Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның дамуы бойынша өз сұрақтарын көтере алады. Бұл ретте, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі белсенді ұйым өкілдерін елдегі өзекті мәселелерді ескере отырып Азаматтық форумның күн тәртібін қалыптастыруға атсалысуға шақырады.
Жергілікті форум жұмысына 200-ден астам ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысады деп күтілуде.
1-күн. Өңірлік сараптамалық диалог алаңдары. 2020 жылғы 14 қарашада «Prima Park» бизнес орталығының конференц-залында сағат 10.00-12.00 аралығында өтеді. 
-    «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» серіктестігі мен дамуының 30 жылы»  
IX Азаматтық форумның ашылуы;
-    Өңірлік сараптамалық алаңдар, 4 негізгі бағыттағы азаматтық форумдар:
-    1. Азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы;
-    2. Азаматтық бақылау: проблемалар мен перспективалар;
-    3. Жаңа сын-қатерлер: ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігін дамыту;
-    4. Қоғам мен мемлекет диалогы.
2 - күн. АҚДМ республикалық диалогтік алаңдары
- Мынадай тақырыптық бағыттар бойынша диалог алаңдары:
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы;
2. Қоғамдық бақылау: мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері және заңнамалық бекіту;
3. ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігі: жетістік факторлары, тәуекелдер, перспективалар; 
4. Қайта жүктеу: ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматтары.
-    Мынадай тақырыптық бағыттар бойынша оқыту алаңдары:
1.    Түрлі әлеуметтік топтар тарапынан АҚ институттарына сенім деңгейін арттыру;
        2. Болашақ идеологиясы: белсенді азаматтық қоғамды дамытамыз;        
        3. Инновация ғасыры: әлеуметтік-инновациялық жобаларды қалай дамыту керек;    
        4. Мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылының табысты тәжірибелерін таныстыру.
3-күн. ЖМО-ның ҮЕҰ-мен салалық кездесулері, оқыту алаңдары. 
2020 жылғы 18 қарашада мемлекеттік органдар басшыларының қабылдаулары, сағат 10.00 - 11.30 аралығы. 
Жергілікті мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен салалық кездесулері (ІСБ, ББ, ДСБ, АШБ, ІІБ, ЖСМБ, КЖТБ, ЖҚҮЖӘББ, ДШЖСБ, облыстық прокуратура);
4-күн. «Әлеуметтік тұтастық: әл-ауқаттың даму векторы» «ASAR» ҮЕҰ, бизнес, мемлекет үшжақты әріптестігінің форумы, пікірталас алаңы. Атамекен ҰКП Қызылорда облысындағы  филиалы базасында, сағат 15.00-16.40 аралығында
Мынадай бағыттар бойынша үшжақты серіктестік саласындағы пікірталас алаңы өтеді:
1. Қазақстанда аналар мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартудағы «Асар»  қағидаты;
2. Бизнесті жүргізу қағидаты: Бала құқықтары жөніндегі бизнес бастамасы (Балалар құқықтары және кәсіпкерлік қағидаттары) ЮНИСЕФ алаңы;
3. Адамдардың игілігі үшін инновациялар (әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту);
4. Төтенше жағдай кезеңіндегі бизнес пен ҮЕҰ-дың әлеуметтік тұтастығы (халықтың жалпы мақсаттарын іске асыруға бағытталған азаматтық белсенділік).
 «Asar жетістіктері» алаңы (бизнеспен бірлесіп жобаларды іске асырған ҮЕҰ-ның сөз сөйлеуі (сұрақтарға жауап беру; ҮЕҰ мен бизнес арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі)
.5 – күн. 2020 жылғы 27 қарашада «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» серіктестігі мен дамуының 30 жылы»  пленарлық сессиясы. Облыс әкімдігі ғимаратында.
Алаң шеңберінде Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының табысты кейстерін талқылау, жаңа мақсаттарды айқындау және серіктес ретінде одан әрі бірлесіп даму үшін трендтер қою. 
Алаңның қысқаша мазмұны:
- Құттықтау, Азаматтық қоғам апталығының қысқаша қорытындысы;
- ҚР-ның Президенті Әкімшілігі өкілінің сөз сөйлеуі /онлайн/;
- Өңірлік сараптама алаңдарының (шамамен 5-6 ҮЕҰ) қорытындылары бойынша қалыптасқан ұсынымдармен республикалық ҮЕҰ-дың сөз сөйлеуі /онлайн/;
ҮЕҰ үшін сыйлығын тапсыру рәсімі. 
- ҚР-ның Президенті Әкімшілігі өкілінің қорытынды сөзі /онлайн/;
- Қорытындылау. Облыс әкімі Г.Н. Әбдіқалықованың сөзі;
- Азаматтық қоғам апталығының жұмысын аяқтау.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: