Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН БІРІНШІЛІК ӨТТІ

АРАЛДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН  БІРІНШІЛІК ӨТТІАрал ауданының өркендеуіне елеулі үлес қосқан ардақты азаматтарының бірі Қарар Түйешұлын еске алу мақсатында "Отан" қоғамдық бірлестігінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан жекелей біріншілік өтті. 
Екі күнге созылған жарысқа 10 мен 14 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Нәтижесінде жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар анықталды. Ал, командалық жарыста І-орынға Шижаға ауылының №57 орта мектебінің командасы, ІІ-орынға Қаратерең ауылының №82 орта мектеп командасы,ІІІ-орынға Қарашалаң ауылының №75 орта мектеп командасы ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдары мен медальдарына және Қарар Түйешевтың жанұясының демеушілігімен тағайындалған бағалы сыйлықтарға ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: