Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Заңсыз келуші-2015» шарасы өткізілді

«Заңсыз келуші-2015» шарасы өткізілдіҚызылорда облысының Ішкі істер департаменті Қызылорда облысы мен Байқоныр қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті және шекара қызметінің 2019 әскери бөлімімен бірлесіп, 2015 жылдың қыркүйек айының 28-і мен қазан айының 2 күні аралығында облыс көлемінде «Заңсыз келуші-2015» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара нәтижесімен облыс көлемінде шетел азаматтармен жасалған 1033 құқық бұзушылық анықталып, елден тыс жерлерге 60 шетел азаматы шығарылып, жеке басын анықтау үшін қабылдау тарату орнына 59 азамат   қамалды.  Сонымен бірге, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан және ҚР-да болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген Қазақстан Республикасының 102 жеке және заңды тұлғалары әкімшілік жауапқа тартылды. 
Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімдерін орындамағаны үшін Өзбекстан Республикасының 13 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 393 бабымен сотқа дейіңгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 
Мысалға, 2015 жылдың 2 қазан күні көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығында Өзбекстан Республикасының азаматы Ф.Б. тоқтатылып, жеке басын куәландыратын құжаттары тексерілді. Тексеру барысында, Ф.Б.-мен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен оған қатысты Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы шешім қабылданғанымен, оны орындаудан жалтарып жүргендігі анықталды. 
Қазіргі таңда, Өзбекстан Республикасының азаматы Ф.Б-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 393-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: