Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиеліде өртенген қорада 30 қозы жанып кетті

Бүгін,  2 мамыр күні 14 сағат 14 минутта  Шиелі ауданы, Н. Бекежанов ауылы, Ишанқұлов көшесі №36 тұрғын үйдің ауласында көлемі  мал қорасы толығымен жанып жатқаны туралы 112 қтқару қызметіне хабарлама түсті. 
Аталған шақырту бойынша  7 шақырым жерде жақын орналасқан Өрт сөндіру қызметінің бөлімі жұмылдырылды. Барлау жұмыстарының нәтижесінде көлемі 80 шаршы метр болатын қабырғасы кесектен салынған, төбесі қаңылтырмен жабылған мал қора толығымен жанып жатқан. Өрт сөндірушілердің нақты іс қимылының арнасында 15 сағат 15 минутта толық жойылды. Өрт салдарынан 30 бас жаңа туылған қозысы  өртенді. 
 Өртті сөндуге 7 қызметкер 1 бірлік техника  жұмылдырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: