Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 362,0 мың адам
Үстіміздегі жылдың алғашқы үш тоқсанында 15 жас және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 362,0 мың адамға жетті. Экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі 71,2 %-ды құрады.
Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, облыс экономикасында 343,9 мың адам жұмыспен қамтылды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа жұмыспен қамтушылық деңгейі 95,0%-ға жетті. Жұмыспен қамтылған халықтың арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны 227,9 мың адамды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 116,0 мың адамды құрады. Жұмыссыз халықтың саны 18,1 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 5,0%-да қалыптасты. 15 жас және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан енжар халық саны 146,4 мың адамға қалыптасты. Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халықтың деңгейі 28,8 %-ды құрады. Жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту органдарында 2014 жылдың қазан айының соныңда 3971 адам ресми тіркелген.