Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІҚарауылтөбе ауылдық округінің әкімі 2015 жылы атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.  Бұл жайында Қоғам-ТВ телеарнасы хабарлады.
2005 жылы құрылған ауылдың жалпы жер көлемі 5490 гектар. Қаладан 10 шақырым қашықтықта орналасқан округте 372 отбасыны қамтитын 1925 адам мекен етеді.Ауылдық округте 10 шаруа қожалығы, 2 ЖШС-гі жұмыс жасайды екен. Еңбек нарығының негізгі көздері бюджеттік сала, жеке кәсіпкерлікпен шаруа қожалықтарымен сипатталады. Жалпы 2015 жылы ауылдың 3 көшесіне құны 4 млн 800 теңгені құрайтын жарық беретін бағаналар орнатылыпты. Мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы 2,5 млн теңгені құрап отыр. 2015 жылғы егіс көлемі 1105 гектар болды. Өңірде орналасқан шаруашылық бойынша өзіндік құны 853400 теңгені құрайтын ауылшарушылық өнімдерін өндіріпті. 
Егін шаруашылығымен қатар ауылда мал шаруашылығы да қарқынды дамыған. Сонымен қатар жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Айдос Иманов та есеп берді. Ауыл тұрғындары да көкейлеріндегі сұрақтарын қойды және басшыларынан тұшымды жауап ала алды. кездесуде қала әкімі ауылдықтарға аймақ бойынша атқарылған оң істер туралы айтып өтті. Жылдан жылға өркендеп келе жатқан Қызылордада тілге тиек етерлік жемісті жұмыстар жетерлік. Бұдан басқа атқарылатын жұмыстар көп. қалған жұмыстарға жыл ішінде қаржы көздерін қарастырып жалғастыратын боламыз деп айтты ауыл басшылығы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: