Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада адасып кеткен 3 және 5 жастағы балалар табылды

5 шілде күні Полиция департаментіне  азаматша екі баласының жоғалғандығы жөнінде полицияға арызданды.


Сағат кешкі 17:30 кезінде оның бес және үш жасар ұлдары белгісіз бағытқа шығып, кейін үйлеріне оралмаған. Ата-анасы және жақын туыстары өз  күштерімен іздеген, нәтиже болмаған соң, полиция департаментіне шұғыл түрде хабар берген. Тәртіп сақшыларының шұғыл әрекеттері мен іздестіру шараларының арқасында біраз уақыттан соң, жасөспірімдер аман-есен табылып, ата-аналарына тапсырылды. Риза болған азаматшамыз полиция қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: