Облыс әкімі: Шиеліде кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуі тиіс
Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысын өткізді.
Жиында аудан әкімі Нариман Мақұлбеков экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, шешімін тапқан және аудан халқы үшін өзекті мәселелерге қатысты ұсынысын білдірді.
Аймақ басшысы негізгі экономикалық көрсеткіштерді бақылауда ұстап, өңірдегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді, инвестиция тарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.
Басқосуда Шиелі ауданының құрметті азаматы, сала ардагерлері Рахым Мауяев, Пердәлі Архабаев пен Шиелі кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Күлімбетов ел ішінде ауызбірліктен асқан бақыт жоқ екенін тілге тиек етіп, аймақ басшысына тілеулестігін танытып, Президент ұсынған әрбір бастаманы қолдауға шақырды.