Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дариядағы сең Қызылордаға жақындап келеді

Дариядағы сең Қызылордаға жақындап келедіҚызылорда қаласына жақын орналасқан «ПМК-29» саяжайы мен басқа да қалаға қарасты саяжай тұрғындарына төтенше жағдайдың алдын алу бағытында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Қала аумағындағы өзен жағалауында тасқынның алдын алу жұмыстары күшейтілді. Ауа райын бақылаушылардың айтуынша, алдағы үш күнде аймақта сынап бағанасы 8 градусқа дейін жоғарылайды. Күн райының тез жылынуы өзендегі сең жүруді жеделдетеді. Қазіргі таңда сең қалаға дейінгі 49 шақырым жерде тұр. 
Осы орайда Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Майысжан Ибрашев: «Қазіргі таңда ахуалға байланысты Сырдария өзеніне Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген кезекшілік ұйымдастырып, жедел топ мүшелерімен бірге Сырдария өзенінің бойына мониторинг жүргізілуде. Тәуліктің кезекшілік жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр» дейді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: