Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА НЕКЕ ЖАСЫНА ЖЕТПЕСТЕН ОТАУ КӨТЕРГЕНДЕР КӨБЕЙДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА НЕКЕ ЖАСЫНА ЖЕТПЕСТЕН ОТАУ КӨТЕРГЕНДЕР КӨБЕЙДІҚызылордада кәмелеттік жасқа толмаса отау көтерген жастардың қатары аз емес. Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі мәлім етті. 
Қалалық әділет басқармасы АХАТ бөлімінің бас маманы Наталья Асауленконың мәліметіне сүйенсек, үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында осындай 3 отбасы тіркелген. Өткен жылы олардың саны 23 отбасыны құраған еді. 
2015 жылы облыс орталығында 2675 отбасы шаңырақ көтерді. Өкініштісі, олардың үштен бір бөлігіне жуығы қайтадан ажырасу туралы арыз берген. Дәлірек айтқанда, 873 отбасы осындай шешім қабылдаған. Ал биылғы жылдың үш айында 301 отбасының шаңырағы шайқалған. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: