Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛ ТҰЗЫ АЛЫС ШЕТЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

АРАЛ ТҰЗЫ АЛЫС ШЕТЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

 

Қызылордалық кәсіпкерлер Астанадағы Көрме орталығында сәуірдің 6-8 аралығында өткен «Қазақстанда жасалған» Республикалық көрмесіне қатысып, өңірді таныстырып қайтты. 
«Бәйтерек» Холдингі мен «Даму» Қоры ұйымдастырған Отандық тауар өндірушілердің Көрмесінде 5000-нан астам өнімдер ұсынылды. Сондай-ақ көрмеге республиканың барлық аймақтарынан мемлекеттік қолдауға ие болған 300-ден аса кәсіпорын қатысты.
Бүгінгі таңда «Аралтұз» АҚ Компаниясы Қазақстандағы үздік тұз өндіруші кәсіпорын. Мемлекеттік қолдау аясында өнімділік көлемін үш есе арттырып, тауар белгісін түрлендіруге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық құрал-жабдықтарға қол жеткізді. Технологияны қайта жабдықтау өнім сапасының артуына да әсер етті. Бүгінде «Аралтұз» АҚ шығаратын жоғары сапалы тұз өнімдері «Аралтұз» және «Славяна» сауда белгісімен ТМД елдері мен алыс шетелге экспортталады. Компанияның 800 аса қызметкерлері бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: