Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«АЛТЫН САПА» СЫЙЛЫҒЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен айналысатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарға 2017 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты  жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсын жариялау туралы хабарлайды. 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес конкурстар жыл сайын өткiзіледі.
Конкурстарға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2017 жылғы 1 шілдеге дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына Конкурстарға қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсыруы тиіс. 
Конкурстар бойынша толық ақпаратпен www.altynsapa.kz  сайтында танысуға болады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Палатаның сарапшысы Таңатова Гүлдана Яхияқызына хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 8 /7242/ 40-09-81 (ішкі 4311).
Айта кету керек, өткен жылы облыста өткізілген аталмыш шараға аймақтан 30-ға жуық кәсіпкер қатысқан болатын. 
Үш номинация: «Үздік азық-түлік тауарлары»,  «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» бойынша өткізілген байқауда бірінші дәрежелі дипломдармен «Кемикал» Қазақстан Мұнай химиясы Компаниясы» ЖШС, ЖК «Құрбанбаев», «Сыр маржаны» ЖШС марапатталса, екінші дәрежелі дипломдарға «NP-Consulting» ЖШС, ЖК «Тұрғынбаев Табиғат», «Браунис-Қазақстан» ЖШС лайықты деп танылған болатын. Ал үшінші дәрежелі дипломдарды ЖК «МСК», ЖК «Жұмашева Индира», ЖК «Сабыр Ермаханов»иеленді.
Осы ретте, 2016 жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауын өткізуге демеушілік жасаған «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС мен «CKЗ - U» ЖШС-не Кәсіпкерлер палатасы алғысын білдіреді. 
Қызылорда облысы 
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: