Қызылқұм ауылдық округі аудан орталығынан 88 шақырым қашықтықта орналасқан. Округ құрамына Кәукей, Ажар елді мекендері кіреді.
Өткен жылы "Әйтеке би - Кәукей" автомобиль жолының Кәукей ауылына кіре берісіндегі бөлігі жөнделді. Кәукей ауылынан 3 шақырым жердегі "Сырман өзек" көпірі қайта салынды.
Ауылға топтық су құбыры желісі жүргізіліп, сервистік желімен қамтылған.
Округ орталығындағы №225 орта мектепте 244 оқушы, Ажар ауылындағы №146 негізгі мектепте 20 оқушы білім алуда. №27 "Бөбек" балабақшасы мен "Қыр бөбегі" шағын орталығы жұмыс жасайды. Ауылдық клубта ән, би, жазба ақындар, домбыра және қолөнер шеберлері үйірмелері жұмыс жасайды.