Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қармақшылық кәсіпкер тігін өнімдерімен айналысады

Қармақшылық Қайрат Мұсабеков 2019 жылдың шілдесінде кәсіпкер болып тіркеліп, тігін цехын ашу үшін "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде 1,5 млн теңге несие алды.
Ерлер сырт киімі мен шалбар, сөмке тігуді қолға алған кәсіпкер өткен жылы облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған "Өзіңе сене баста" көрме-конкурсына қатысып, бас жүлде мен 1 млн теңге жеңіп алды.
Қайрат Мектепбайұлы дәл осы қысыл таяң тұста демалыссыз, үзіліссіз күніне 500 дана бетперде тігіп, дәріханалға өткізуде. Өзінен бұрын өзгенің саулығы үшін тынбай тірлік етіп жатқан тігіншіге жұртшылық алғысын жаудыруда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: