Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАМЫСТЫБАСТА АДАМ СУДАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

ҚАМЫСТЫБАСТА АДАМ СУДАН ҚҰТҚАРЫЛДЫҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары Қамыстыбас көлінің «Аққұмшық» жағажайында күн сайын 1 суда жүзу техникасымен, құралдарымен және жабдықтарымен күнделікті кезекшілік жұмыстарын жүргізуде.
Осы кезекшілік жүргізу кезінде Арал ауданы Қамыстыбас көлінің «Аққұмшық» жағажайында суға батып бара жатқан Сексеуіл елді мекенінің тұрғыны құтқарылды.  
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушысы Б. Бисембин жағажайда кезекшілік кезінде су бетінде ес–түссіз жатқан адамды байқап қалады. Құтқарушының шебер іс–қимылының арқасында 1998 жылы туылған жас жігітті судан жағаға шығарып, содан кейін дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: