Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағаштың тігін цехының қарқыны

Жалағаш ауданында «Өркен Әлем» ЖШС-нің арнайы киім тігу цехы бар. Екі жылдай бұрын жұмысын бастаған жобаның жалпы құны 38,2 млн теңгені құрайды. Оның ішінде жаңа стандартқа сай тігін машиналары Ресейден әкелінген.
Өнім дайындауға қажетті тауарлар да сол жақтан алынып отыр. Сондықтан мұндағы тігіншілердің қолынан өткен бұйымдардың сапасы да мықты. Шеберхана меңгерушісі Ақылхан Босшаеваның айтуынша, Олар мемлекеттік тапсырыстарды орындаумен бірге, аудан тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Киім-кешектер, құрақ көрпешелер, төсек жабдықтарын тігеді.
Бүгінде 60-жуық қызметкер жұмыс істейтін «Өркен Әлем» ЖШС арнайы киім тігу цехында 7000 бетперде тігіліп, аудан тұрғындарына аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы тегін таратылды. Алдағы уақытта тағы 13 000 бетперде тігіп, мұқтаж жандарға тегін таратуды жоспарлап отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: