Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 3 632. Ал індеттен айыққан науқастар саны 3504-ке жетті. Соңғы тәулікте 11 науқас емделіп шықты.
Бүгінде инфекциялық стационарда 32, ал стационардың реанимация бөлімінде 7 науқас ем алуда.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны – 15 263, тікелей қарым-қатынас – 12 515, ықтимал қарым-қатынас – 2 748.
Өткен тәулікте зертханаға тапсырылған сынамалар саны – 1 511, тексерілгені – 504, жұмыс жасалуда – 1007. Қалдық тест саны – 25 005. Эпид маусым басталғалы бері 199 707 сынама алынды.