Әкімшілік рәсімдердің қағидаттарының ерекшеліктері: -олардың тікелей әрекеті, нақты реттеушілік.
-жан-жақтылығы
-қағидаттаррдың жүйесінің ашық сипаты
иерархиялық қағидаты.
Мен негізгі жалпы құқықтық қағидаттарға заңдылық қағидатын, әділдік қағидатын, мөлшерлестікті жатқызуды ұсынамын, олар әкімшілік рәсімдерге үлкен әсер етеді.
Ал екінші қиғадаларынң блогы ол соттың белсенді рөлі, әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі, сот актілерінің міндеттілігі.
Әкімшілік рәсімдердің қағидаттары ол формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу, құқықтар басымдығының қағидатыанықтық презумпциясы, сенім құқығын қорғау және басқалар).
Енді қағидаттардың кейбіреуіне тоқтала кетейік.
Мөлшерлестік қағидаты.
Әкімшілік қалау дегеніміз әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттігі.
Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді.
Әкімшілік акт дегеніміз жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім.
әкімшілік органның, лауазымды адамның жария-құқықтық қатынастардағы, әкімшілік акт болып табылмайтын әрекеті (әрекетсіздігі) әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) деген ұғымды білдіреді.
Бұл ретте әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мөлшерлес, яғни жарамды, қажетті және пропорциялы болуға тиіс.
Егер әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін қолайлы болса, жарамды деп есептеледі.
Егер әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін барынша аз дәрежеде шектейтін болса, қажетті деп есептеледі.
Егер әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеу нәтижесінде алынған қоғамдық игілік осы шектеулер келтірген зияннан көп болса, әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) пропорциялы деп есептеледі.
Формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу қағидаты
Әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуына, шектеуіне, тоқтатуына, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында міндет жүктеуіне тыйым салынады.
Әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары әлі күнге дейін әкімшілік рәсімділік процестік заңнамада сенімді негіге ие емес, норма шығарудағы проблемалар мен кемшіліктерді сот тәжірибесімен толтыру қажет.
С.Р.Аргымбаева,
Жамбыл аудандық сотының судьясы