Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ» ЖАЙЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

«ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ» ЖАЙЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫАғымдағы жылдың 15 маусымында сағат 17.40 шамасында Қызылорда ҚІІБ-нің Жедел басқару орталығына белгісіз азаматтан Автовокзал ғимаратының ішінде «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына полиция қызметі мен арнайы қызмет түрлерінің күш-құралдары жұмылдырылып, ғимараттан барлығы 75 адам қауіпсіз аймаққа шығарылып, ғимарат аумағы қоршауға алынды. Жүргізілген толық тексеру жұмыстары барысында ешқандай жарылғыш зат немесе күдік тудырарлық құралдар анықталған жоқ.
Жедел іздестіру шаралары барысында «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған 1982 жылы туылған азамат анықталып, Қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: