Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жүргізушінің салғырттығынан жол-көлік оқиғасы орын алды

Жүргізушінің салғырттығынан жол-көлік оқиғасы орын алдыҚызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының сот отырысы залында, құқық бұзушы А-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен жинақталған әкімшілік ісі қаралды.
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық бұзушы А.  автокөлігін басқарып келіп, көше қиылысында ҚР жол жүрісі қағидаларының 13. 9-бөлігін сақтамай, бағдаршамның рұқсат етілмеген сигналына өтіп, сол жағынан басты жол көшесімен бағдаршамның рұқсат етілген жасыл түсіне қозғалыс жасап келе жатырған Б-ның басқаруындағы автокөлігіне жол бермей соқтығысқан.
Сонымен қатар, сотта құқық бұзушы А. өз кінәсін мойындамай отырғандықтан, оның әрекеті куәлардың түсініктерімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен анықталған.
Сондай-ақ, екі куәгердің қатысуымен қол қойылып, жол көлік оқиғасы болған жердің сызбасымен, сот сараптама қортындысымен және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденіп бекітілді.
Құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-ның 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 /он/ айлық есептік көрсеткіш көлемінде 19820 теңге айыппұл салынды. Қазіргі таңда сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: