Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БӨГЕН АУЫЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

БӨГЕН АУЫЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІТамыз айынан бастап Бөген ауылдық округіне Қызылорда қаласына қатынайтын жаңа автобус пайдалануға берілді. 
Бұл айтарлықтай қуанышты жаңалық екені даусыз. Себебі, аудан орталығынан шалғай орналасқан бұл ауылға облыс орталығына төтесінен жету тиімді-ақ. Арнайы қызмет түрімен қаматамасыз етіп отырған Қазалы ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Жаңалық Бөлекбаев өз сөзінде:
– Бөген-Қызылорда бағытында жүретін бұл автобус 60 орынды әрі әр аптаның сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері тұрақты жолға шығады. Жолаушылар үшін билет құны 1600 теңгені құрайды, - дейді. 
Сонымен қатар, бұл көлік қызметіне көршілес Аманөткел, Қаратерең, Жаңақұрылыс және басқа елді мекен тұрғындары да келіп мінуде. Автобустың ырғақты жүріп тұруы үшін жұмысқа екі адам тартылған. Көлік қызметінің жүру уақытына келер болсақ, Бөген ауылынан 00-20-де шыққан қоғамдық көлік Қызылорда қаласына 07-30 да келсе, Қызылордадан 16-00-де шыққан автобус Бөгенге 22-30-да жетеді.
Тұрғындар үшін қолайлы әрі тиімді бұл бастама көпшіліктің көңілінен шығып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: