Қармақшы аудандық прокуратурасы аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінде 2013 жылы және 2014 жылдың 1 жартыжылдығында жол-көлік қозғалысы бойынша заңнамалардың сақталуына тексеру жүргізді.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру жүргізу барысында, 2007 жылдан бастап аудандық аурухананың наркологында және облыстық наркалогиялық орталықта «алкогольді көп қолдануына байланысты психикалық және мінез құлық ауытқуына байланысты» есепте тұратын Жосалы кентінің тұрғыны Ш.Д-ға «В,С» категориялы жүргізуші куәлігі табысталғаны белгілі болды.
Аталған жүргізуші куәлігін алу үшін, аудандық аурухананың қызметкері А.А. кент тұрғыны Ш.Д. құқықтар беретін (жүргізуші куәлігін алуға құқық беретін) яғни, дәрігер наркологта диспансерлік есепте тұратындығына қарамастан, есепте тұрмайтындығы жөнінде жалған анықтама бергендігі анықталды.
Осыған байланысты, аудандық аурухананың қызметкері А.А. өз көрсетімінде, Ш.Д-ға жалған анықтама бергенін, себебі өзінің таныстары өтініш жасағанын көрсеткен.
Аталған оқиғаға байланысты, А.А.-ның іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстың құрамы бар екендігі байқалғандықтан, жинақталған құжаттар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне 12.01.2015 жылы тіркеліп, Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімімен алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.