Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚАЙДА ТЕМІРДЕН ЖИНАЛМАЛЫ ҚАЗАҚЫ ҮЙ ЖАСАЛАДЫ

АҚАЙДА ТЕМІРДЕН ЖИНАЛМАЛЫ ҚАЗАҚЫ ҮЙ ЖАСАЛАДЫ"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының Қармақшы ауданында жүзеге асырылуы қарқынды түрде жүргізілуде. 
Аймақтың бастауыш кәсіпкерлері жасаған бизнес-жобалардың жүзеге асуы үшін мемлекет тарапынан 300 мыңнан 3 млн.теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар бөлінген. Бұл бизнес идеялардың қатарында Қармақшы ауданы бойынша ЖК «Умарова» Төретам кентінде наубайхана жобасы, ЖК «Болан» мекемесінің Ақай ауылында темірден жиналмалы қазақы үй жасау цехы, ЖК «Абдрахманов» Жосалы кентінде жалюзи жасау жобасы және Ақжар ауылдағы ЖК «Ермекбаева» макарон цехын ашу жөніндегі жобасы мемлекеттік қолдауға ие болған.
Осының нәтижесінде бүгінгі күні кәсіпорындар өз жұмыстарын бастап, тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен және жергілікті сапалы өнімдермен қамтуда. 
Шағын және орта бизнеске көрсетілген мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданда кәсіпкерліктің өзге де түрлері кеңінен өркен жаюда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: