Жаңақорған ауданы Жайылма ауылының тұрғындары алдында ауыл әкімі Т. Зейдалиев өткен жылғы есебін берді.
Есеп барысында ауыл әкімі өткен жылы мал өсірумен айналысатын 3 шаруа қожалығына мемлекет тарапынан субсидия берілгендігін мәлімдеді.
Сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша бір азамат 3 млн. теңге несиеге наубайхана ашып, тұрғындарды арзан нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Биыл жоспар бойынша ауылдың 4 көшесі жөндеуден өтеді.