Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАРАЗЫЛАНДЫ

АРАЛДА ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАРАЗЫЛАНДЫБүгін Арал ауданына жұмыс сапарымен Облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы және облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев келді. 
Алдымен білім саласындағы атқарылған шаруаларды тыңдау, өзекті сауалдарға жауап беру мақсатында №262 мектепте ұстаздармен жиын өткізді. Жиынды аудан әкімі Абзал Мұхимов ашып, жүргізіп отырды. 
2015-2016 оқу жылында Арал ауданында атқарылған жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Дабылов баяндама жасады. Сондай-ақ білім басқарамасының басшысы Б.Сайлыбаев қосымша сөз сөйлеп, білім саласының деңгейін көтеретін маңызды сын ҰБТ-ның биылғы жаңалықтарымен таныстырды. Жиынды қорытындылаған Рауан Кенжеханұлы мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: