Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалықтар мал шаруашылығын ғылыми тұрғыда дамытпақ

Қызылордалықтар мал шаруашылығын ғылыми тұрғыда дамытпақБүгін, 26 қарашада мал шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Мүйізді ірі қара және түйенің саны салыстырмалы кезеңде артып отыр. Тиісінше ет және сүт өндірудің де көлемі көбейген. Асыл тұқымды мал басын арттыру мақсатында субсидиялауға 1 367,4 млн. теңге бөлінді. Ветеринариялық салаға қолдау көрсетілуде. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуов «Сыбаға», «Алтын асық», «Ырыс» және «Құлан» мемлекеттік бағдарламалардың жоғарғы деңгейде орындалып жатқандығын айтты. 
Аймақ басшысы ұрықтандыру пунктерінің толық жұмыс жасамай тұрғандығын сынға алды. Тиісті сала басшыларына қолда барды тиімді пайдалануды қатаң тапсырды.
– Қазір әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ сонымен бірге ата кәсіптен қол үзбеуіміз керек. Сондықтан мал шаруашылығын ғылыми тұрғыда зерттеу қажет. Ы.Жахаев атындағы «Күріш ғылыми-зерттеу институтының» базасынан мал шаруашылығы бөлімі ашылды. Алдағы уақытта осы бөлімнің негізінде «Ғылыми-өндірістік орталық» ашуға жұмыстар жүргізілетін болады, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Облыс басшысы әлі тоқмейілісуге ерте екендігін атап өтіп, қала, аудан әкімдеріне «Байқоңыр» ӘКК және сала мамандарына жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу қажеттігін тапсырды. Әсіресе, барлық мал сою пунктері, ет және сүт өндіру зауыттары санитарлық талапқа сай болу қажеттігін ескертті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: