Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ДЕПУТАТТАР СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ДЕПУТАТТАР СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Бүгін Арал ауданына арнайы жол тартқан Парламент Сенаты және Мәжіліс депутаттары аудандағы Семей ядролық сынақ полигонының ардагерлерімен жүздесті. 
Кездесу барысында «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің Арал ауданы бойынша төрағасы Серік Өтебалиев Кеңестер одағы кезіндегі солақай саясаттың салдарынан Семей өңірінде болған ядролық жарылыстардың қазақ жеріне, еліне келтірген орны толмас зардаптары жайлы жан-жақты айтып берді. 
Ал, өңірімізге келген депутаттар барша ардагерлерді Ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесімен құттықтап, айтулы мерекемен тұспа тұс келген Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Парламент депутаттары сапар барысында Ә.Нұрпейісовтың әдебиет үйіне бас сұғып, жазушының шығармашылығымен кеңінен танысып қайтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: