Қызылорда қаласының № 2 сотында жуырда баспасөз өкілдернің қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифингке жергілікті баспасөз және телеарна тілшілері судья К.Кусекеевтен, өздерінің қызығушылық тудырған сауалдарына жауап алды. Сонымен қатар, қоғамда кеңінен белең алып, алаңдаушылық тудырған алаяқтық қылмыстар бойынша да талқыланды.
Атап айтқанда, сотталушы З есімді азаматша қызмет бабын асыра пайдаланып, бөтен мүлікті сенімге қиянат жасау арқылы, ірі мөлшерде ұрлау мақсатында 2013 жылдың наурыз айында, танысы жеке кәсіпкер С. «СНПС АйДан Мұнай» АҚ-на тауарлар тапсыруына ұсыныс жасап, ақшасын уақытылы өзі аудартып тұратынына уәде беріп, сендірген.
Сотталушы З-ның уәдесіне сеніп, қылмыстық ниетін білмеген жәбірленуші С. 1 030 000 теңгеге зат тапсырған. Сотталушы З. қылмыстық әрекеттерімен жәбірленуші С.-ға ірі мөлшерде мүліктік залал келтірген.
Азаматша З. мұнымен тоқтап қалмай қылмыстық әрекеттерін одан әрі жалғастырған. 2013 жылы тамыздың 25-29 күндері аралығында туысы жеке кәсіпкер Л.-ға жолығып, оның есеп-шотына «СНПС АйДан Мұнай» АҚ-нан ақша аудартып, есеп шотқа түскен ақшаны өзіне алуға келіскен. Осыдан соң, сотталушы З. алаяқтық ниетін жүзеге асыру мақсатында «СНПС АйДан Мұнай» АҚ-ның есебінен алдап жалған құжаттар жасап, жеке кәсіпкер Л. «Халық банктегі» есеп шотына аса ірі мөлшерде 7 438 000 теңге ақшаны 2013 жылдың 29 тамызында аудартқан.
Сотталушы З. жеке кәсіпкер Л. бірге «Халық банкке» барып, оның есеп шотына түскен 7 438 000 теңге ақшаны алып, бас пайдасына жаратып, «СНПС АйДан Мұнай» АҚ-на аса ірі мөлшерде тағы зиян келтірген.
Қызылорда қаласының № 2 сотының 26 желтоқсан 2014 жылғы үкімімен сотталған З. ҚР ҚК-нің 177-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оны 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге деп белгіленген.
Сотталушы З. ҚК-нің 72-бабының 1-бөлігі қолданылып, он төрт жасқа толмаған балалары бар әйел ретінде жазасын орындауды сот бес жылға дейін кейінге қалдырылды.
Алайда жәбірленуші С. сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым келтірген. Аталған шағым Кызылорда облыстық сотында апелляциялық сот алқасында 10 ақпан 2015 жылы қаралып, үкім өзгеріссіз күшінде қалдырылған.